Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жақын халықпыз»: Путин Украинадағы соғысты аяқтау үшін келіссөзге дайын екенін жеткізді (ВИДЕО)

17:30, 23 қазан 2026

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинадағы қарулы қақтығысты толықтай аяқтау мақсатында Ресей, Украина және АҚШ өкілдерінің қатысуымен үшжақты келіссөздер жүргізуге дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

РФ басшысы сөз арасында соңғы генетикалық зерттеу нәтижелеріне тоқталып, орыс пен украин халықтарының бір-бірімен тамыры терең, тығыз байланысты екенін алға тартты. Осы орайда ол:

«(Украина) бізге жақын халық… Жарайды, біреу басқаша ойлағысы келген шығар. Біз оған келісеміз. Қазіргі тарихи жағдай солай болып тұр. Барлығын келісуге болады. Менің ойымша, біз келісе аламыз…», – деп атап өтті.

Сонымен қатар Путин ұсынылып отырған бұл үшжақты диалогтың басты мақсаты майдандағы соғыс қимылдарын уақытша тоқтата тұру емес, тараптарды қанағаттандыратын соңғы байламға келу екенін жеткізді. Оның пайымдауынша, бұл процесс қос мемлекеттің де болашақ қауіпсіздігіне кепілдік беруі тиіс:

«Бұл келіссөздің мақсаты – бейбіт келісімге қол жеткізілгеннен кейін Украина мен Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін талқылау. Әңгіме ұрыс қимылдарын қысқа мерзімге тоқтату емес, бейбіт келісімдердің түпкілікті нұсқасы туралы болып отыр», – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар