Жақында өзінен 15 жас кіші бойжеткенмен шаңырақ көтерген әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде тараған жұбайының жүкті екені туралы қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі Instagram парақшасында Threads желісінде өздері туралы түрлі алып-қашпа әңгімелердің көбейгенін айтты. Оның сөзінше, кейбір желі қолданушылары тіпті ерлі-зайыптыларға «гендер пати» өткізіп қойғандай жазбалар жариялап, түрлі болжам жасап үлгерген.
«Threads-ке кіріп қалсам, бізге гендер пати жасап тастапты. Бұйырса, сол күнге де жетерміз. Бірақ алып-қашпа әңгімелерге сенбеңіздер. Жұбайымның жүкті екенін менен артық ешкім білмейді. Сондықтан өсекке ермеңіздер. Егер сондай қуанышты жаңалық болса, оны ең бірінші өзім бөлісемін», – деді әнші.
Еске салайық, бұған дейін Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісімен заңды некеге тұрғанын жариялаған болатын. Осы жаңалықтан кейін әлеуметтік желіде олардың жақын арада ата-ана атанатыны туралы түрлі қауесеттер тараған еді. Алайда әнші бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, әзірге мұндай қуанышты жаңалық жоқ екенін мәлімдеді.