Оралддың жергілікті базарындағы мал сою орнында газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Он адам зардап шеккен. Арасында екі жасөспірім бар. Олардың барлығын әртүрлі күйіктермен ауруханаға жеткізді.
«Орал 404» порталының мәліметінше, баллон жануардың басын күйдіріп жатқан кезде жарылған.