Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов жаттығу кезінде ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы журналист Аслан Қаженов желідегі парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, боксшының омыртқасына зақым келген. Осыған байланысты Сәкен Бибосынов 29 қазанда Таразда басталатын Қазақстан чемпионатына қатыспайды.
«Өкінішке қарай, кеше жаттығу барысында ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Омыртқасына зақым келді. Тезірек сауығып кетуін тілейміз», — деп жазды Аслан Қаженов.