Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өлтіремін» деп қорқытқан: Ақтөбеде көрші қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды (ВИДЕО)

17:25, 14 шілде 2026

Ақтөбе облысында 22 жастағы ер адам 15 жастағы көрші қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға 19 мамырда орын алған. Жасөспірім қыз құрбысымен бірге серуендеуге шыққан. Құрбысының үйіне кірген кезде іште құрбысының ағасы болған. Жәбірленуші тараптың жақындары мектеп оқушысын қорлаған дәл осы жігіт екенін айтып отыр.

Күдіктінің құрбан болған жасөспірімді бала кезінен жақсы танитын 22 жастағы көрші жігіт екені анықталды.

«Қызды өлтіремін деп қорқытқандықтан жасөспірім болған жағдайды осы уақытқа дейін жасырып келген», — дейді марқұмның туыстары.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдікті ретінде танылған азаматты тергеу изоляторына қамады. Аталған факті бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар