Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы Түркиядан әзірге қайтқан жоқ

04:43, 14 наурыз 2022 273
[ad_1]



Түркияның Анталия қаласына дипломатиялық форумға Нұрсұлтан Назарбаевты алып барған ұшақ әзірге Қазақстанға қайтқан жоқ. Ұшақ рейстерін бақылайтын Radarbox cайтының мәліметіне қарағанда, Назарбаевқа тиесілі Airbus 330-243 ұшағы 4 күн бұрын Анталия әуежайына қонған соң қайтып ұшпаған.


Дипломатиялық форум 11 наурызда басталып, кеше аяқталған. Форум бағдарламасы бойынша соңғы күннің жұмысы Түркия уақытымен түскі сағат 12-де біткен.


Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде экс-президенттің Түркияға президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен барғанын жазған. Жиынның алғашқы күні Ердоған Назарбаевты жеке қабылдап, кездескені хабарланды.


Бірақ экс-президенттің форумда ресми сөз сөйлеген-сөйлемегені белгісіз. Әрі форумның ресми сайтында қатысушылар тізіміндегі 209 адамның ішінде Назарбаевтың аты-жөні жоқ.


Назарбаев биліктен кеткенге дейін де, кейін де UP-A3001 борт нөмірімен тіркелген ұшақпен ұшып жүр. 2019 жылы Азаттық N1 борттың президент Тоқаевқа берілмегенін зерттеген. Зерттеу шыққан соң рейстерді бақылау сайттарындағы мемлекеттік "Бүркіт" әуе компаниясының ұшақтары жайлы дерек бұғатқа қойылған.


13 наурызда Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының қамауға алынғанын хабарлады. Сатыбалды "Қазақтелекомның" қомақты қаржысын жымқырды және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды" деген күдікке ілінген. Қайрат Сатыбалды – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.






[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар