Мемлекет қайраткері, Қазақстан ҰҒА академигі Мырзатай Жолдасбеков Астанаға алғаш келген жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың өткізген кеңесі туралы айтып берді, деп жазады Alash.kz.
2000 жылы арнайы шақырумен елордаға қоныс аударған ғалым ширек ғасыр ішінде қала салған Назарбаевтың жанкештілігі туралы Астана қаласы әкімдігінің “Руханият” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің парақшасына сұхбат берді. Әңгіме барысында Мырзатай Жолдасбеков:
“Жағалауда “Пионер үйі” деген бар, басқа баратын жер жоқ. Сол жылы Президент мемлекет қызметіндегі, елге еңбегі сіңіп жүрген дәрежелі адамның бәріг шақырды. Астананың келешегі туралы әңгіме қозғады. Сол жағалауда түк жоқ. Жылан жалағандай… Сол жерде тұрып, Нұрекең “анау болады, мыеау болады” деп, бәрін жырдай қылып айтты. Ішімнен ойладым: “сөз деген айтыла береді екен ғой. Кім істейді оның бәрін деп? Қашан болады бұл?” деп. Ал, қазір қарап отырсаң, қала өсіп барады. Статистикаға қарап отырсам, 2 млннан асыпты Астананың халқы. Бұдан бұрын, тас үй салғанды көрдік. Зауыт салғанды көрдік. Ал, қала салғанды, оның ішінде Астана салғанды көргеніміз жоқ! Бұл ғасырда біз сияқты астана салған мемлекет жоқ! Сол жағалауда қазір күні-түні адам! Жастардың жүрген жері - ойын-күлкі, той! Бұл - жақсылықтың белгісі” дей келе, Астанаға еңбегі өткен әр азаматқа алғысын білдірді.