Айбек Оралбай нокдаун тіркеп, Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Alash.kz.
90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің жартылай финалында отандық боксшы үндістандық Нарендермен кездесті.
Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, олардың әрқайсысында Оралбай басым түсті. Үшінші раундта ол қарсыласын нокдаунға түсіріп, қорытындысында төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.
Айбек Оралбай бокстан Қазақстан құрамасы ішінде бірінші болып Азиада-2026 турнирінің финалына жолдама алып, өзіне кем дегенде күміс медальды қамтамасыз етті.