Ақмола облысы Щучье қаласында жер үйде шыққан өрттен 58 жастағы ерлі-зайыпты қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға кеше, 28 қыркүйек күні болған.
«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 1968 жылы туған екі адамның мүрдесін тапты. Анықталғандай, ол екеуі осы өртенген үйдің иелері, ерлі-зайыпты адамдар болған», — деп хабарлайды жергілікті басылым.
Тілсіз жау жалпы аумағы 90 шаршы метр жерді шарпыған. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өртті толық сөндіріп, істі одан әрі тексеру үшін құқық қорғау органдарына тапсырды.