Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік апат: Оқиғаға жол берген полицейге сот үкімі шықты

11:41, 29 қыркүйек 2026

Алматыда Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаевтың жүргізушісі болып жұмыс істеген Әсет Жақсылықовқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұрынғы полиция қызметкері ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік әрекетсіздігі үшін кінәлі деп танылды.

Сотта айтылған айыптау нұсқасына сәйкес, Жақсылықов әріптесі, полиция қызметкері Александр Пактың ішімдік ішкенін білген. Алайда ол мас күйдегі әріптесінің рөлге отыруына кедергі келтірмеген. Кейін Пактың көлікті қауіпті жүргізіп келе жатқанын анық көрсе де, оны тоқтатуды талап етпеген және оқиға орнына полиция жасағын шақырмаған.

Сот шешімімен Әсет Жақсылықов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот үкімімен ол «полиция сержанты» арнаулы атағынан да айырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар