Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Уәде бердім. Етек-жеңін жинады»: Қайрат Нұртастың анасы келіні туралы тың мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

11:26, 29 қыркүйек 2026

Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың өнердегі жолына қалай қолдау көрсеткенін және оның танымалдылыққа қалай жеткенін ашып айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Продюсердің сөзінше, келінінің өнердегі жолын қалыптастырып, жұлдызын жағу үшін біраз уақыт пен еңбек кеткен. Ол Жұлдыздың актрисалық білімін ескере отырып, кино саласында бағын сынауына мүмкіндік бергенін жеткізді.

 «Менде Жұлдыздың жұлдызын жандырып бір-ақ шығарсам деген арман болды. Ол бірінің артынан бірін босанды ғой. Бес бала-шағасы бар. Төрт баладан кейін етек-жеңін жинады ғой дедім. Оған дейін мен Қайраттан қолым босамады ғой. Біреудің қызы ғой деп папасының туған күніне барған кезде уәде бердім. Бұйырса Жұлдыздың жұлдызын жағып шығарамын дедім. Қайратпен екеуіне дуэт жазып, бүкіл Қазақстанды аралаттым. Тойларға екеуіне дуэт жаздырдым. Одан өзімнің балам сияқты атақты болып кеткен жоқ. Сөйттім де жолдарын ойладым. 1 жыл жүгірдім. оңай болған жоқ. Өзінің оқыған оқуы актрисалық болған соң актриса бола берсін деген шешімге келдім. Содан киномды түсіріп, ол Нью-Йоркта гран-приге ие болды», — деді Гүлзира Айдарбекова.

Осылайша, продюсер келіні үшін жасаған еңбегін және оның Нью-Йорк фестивалдарының бірінде бас жүлде еншілеуіне тікелей себепкер болғанын баса айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар