Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Азия ойындары: Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан күміс медаль жеңіп алды

22:00, 28 қыркүйек 2026

Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді.

Зілтемірші 95 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.

ҰОҚ мәліметінше, Нұрғиса жұлқа көтеруде 177 келіні, серпе көтеруде 217 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 394 келіні еңсеріп, күмістен алқа тақты.

Ирандық Али Алипур алтын медаль жеңіп алды - 398 (180+218) келі. Ал қытайлық И Ту қола медальға ие болды - 384 (179+205) келі.

Айта кетейік, бұған дейін Алексей Чуркин (85 келіге дейін) күміс алған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар