Қасым-Жомарт Тоқаев Федеральдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды, деп жазады Alash.KZ
Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федеральдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған.
Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.
Тоқаев Германияға ресми сапармен барды
21:23, 28 қыркүйек 2026
Ашық дерекөздерден
Соңғы жаңалықтар
ТМД саммиті: Президенттер 2028 мен 2029 жылдарға арналған маңызды шешімдер қабылдады
17:19, 09 қазан 2026
«Ауыр соққы алған»: Жетісу облысында 8-сынып оқушысы құрдасының қолынан қаза тапты
16:18, 09 қазан 2026
«Дайын ба?»: Дастан Сәтпаев туралы англиялық клуб жағымды ақпарат таратты (ВИДЕО)
15:52, 09 қазан 2026