Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Нокдаун тіркеді»: Айбек Оралбай Азия ойындарында айқын басымдықпен финалға шықты (ВИДЕО)

11:32, 29 қыркүйек 2026

Айбек Оралбай нокдаун тіркеп, Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінің жартылай финалында отандық боксшы үндістандық Нарендермен кездесті.

Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, олардың әрқайсысында Оралбай басым түсті. Үшінші раундта ол қарсыласын нокдаунға түсіріп, қорытындысында төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Айбек Оралбай бокстан Қазақстан құрамасы ішінде бірінші болып Азиада-2026 турнирінің финалына жолдама алып, өзіне кем дегенде күміс медальды қамтамасыз етті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар