Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өте ауыр… Ақтауға келгеніне бір ай ғана болған»: Каспийде қаза тапқан аға лейтенант туралы не белгілі

21:00, 28 қыркүйек 2026

Каспийде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтарұлы туралы жаңа мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Олжас Мұхтарұлы Түркістан облысында дүниеге келген. Оның бала күнгі арманы әскери салада қызмет ету болған.

Ол Ресейде әскери сала бойынша сегіз жыл білім алып, оқуын тәмамдағаннан кейін Қазақстанға оралған. Ақтауға қызметке келгеніне небәрі бір айдай уақыт болған.

«Мұхтарұлы Олжастың бала күнгі арманы — әскери қызмет атқару болатын… Түркістан облысының тумасы Олжас Ресейде осы сала бойынша 8 жыл білім алып, оқуын аяқтап, елге оралған. Ақтауға келгеніне небәрі бір ай ғана болыпты. «Енді жұмыс істеймін» деп, бала күнгі арманын жүзеге асыруға асыққан жас азамат еді.

Мектепті үздік бітіріп, арманды  мақсатқа айналдырған. Олжас 2003 жылғы 9 қаңтарда дүниеге келген. Осындай жап-жас, білімді, тәрбиелі, елге қызмет етуді армандаған азаматтың қыршын кеткені өте ауыр… Арманына енді ғана қол жеткізгелі тұрған еді… Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Артында қалған ата-анасына Алла сабыр берсін», – деп жазды Шынар Құрмет есімді жазба авторы. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар