«Ақ жол» Демпартиясы фракциясының отырысында партия аппаратының жаңа жетекшісі болып Ербол Насибуллаұлы Кушеков тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ербол Насибуллаұлы Кушеков мемлекеттік қызметте 18 жыл қызмет өтілі бар, ішкі саясат, саяси партиялармен қарым-қатынас, ұйымдастырушылық жұмыстар саласында мол тәжірибе жинақтаған білікті маман.
Ербол Насибуллаұлы Кушеков әр жылдары Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасында түрлі қызметтер атқарып келген: 2018-2024 жылдары Орал қаласы ішкі саясат бөлімін басқарды. 2024 жылдың маусымынан бастап ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінде қызмет атқарып келді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Магистр, саясаттану, мемлекеттік және муниципалдық басқару салаларының маманы.