Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Некесіз қыз босанып, артынан 2 рет тұрмыс құрып, ажырастым: Аида Кауменова өміріндегі қиындықтарды баяндады

12:00, 08 сәуір 2025 941

Сән әлемінің жарық жұлдызы Аида Кауменова өз өмірі туралы біраз естелікпен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге сұхбат берді. 

“Ол кезде заман қиын еді. 27 жасымда тұңғышымды дүниеге әкелдім. Некесіз қызымды босандым. Ата-анама оңай тиген жоқ. Бірақ бойыма бала біткенде “Өзім бірден дүниеге әкелемін” деп шештім. Көп қыздар баланы алдырып тастап, перзентханаға қалдырып кетті. Мен ата-анамның махаббатына малынып өстім. Өсектеген де, сөз еткен де адамдар болды. Ол кезде мен Италияда оқып жүрген едім. Аудармашы беларусь қызы жанымда болды. Сол мені дәрігерлерге апарып, көмектесіп жүрді. Елге қайтатын кезде анамның сіңлісіне айтып қойдым. Үйдегілер мен келгенде ішімнің шыққанын көрді. Бірақ қатты ұрысып, айқайлаған емес. Қызымды бәрі жақсы көреді”, – деді дизайнер. 

Үйленетін ойы да болмағанын айтты.

“Қызымның әкесіне рақмет айтамын. Менің өмірімнің өзгеруіне ықпал етті. Сол кісімен бірге өмір сүргенде екі-үш жылдан кейін ажырасып кетуші едім. Біз жүріп жүрген кезде де ол маған үйленуге қатысты әңгіме қозғамаған. Аяғым ауыр екенін білсе де, алған жоқ. Одан кейін екі рет тұрмысқа шықтым. Бұрынғы жұбайларыммен мінезіміз үйлеспеді”, – деді сән әлемінің жұлдызы. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар