Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Неге біздің балалар осылай өмір сүріп, осылай өледі?": Қостанай облысында атасы мен үш немересі ыс тиіп көз жұмды

11:18, 28 қараша 2024 413

Қайғылы оқиға болған күні кішкентай балалардың жанында атасы мен әкесі болған, деп жазады Alash.KZ.

Осыдан тура он күн бұрын Қостанай облысының Қарынсалды ауылында бір отбасының төрт адамы иіс тиіп қаза болған. Олардың үшеуі – кәмелетке толмаған бала, біреуі – 67 жастағы атасы. Бүгін «Не молчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі осы отбасы тұрған үйдің сұмдық фотоларын көрсетті.

Оның айтуынша, 17 қараша күні балалардың анасы сапарда болған. Төрт бала үйде атасы және әкесімен қалған.

«Баспана енді сұмдық, қорқынышты күйде. Балалар да солай – бәрі іш киімсіз, үстеріне ғана киім киген. Сегіз жасар қыз да сол. Жерге төселген кір шүберектердің үстінде жатқан. Қамқорлық органдары қайда қарап отыр? Сіздер қалай тексересіздер? Осы отбасыға бардыңдар ма? Неге біздің балалар осылай өмір сүріп, осылай өледі?», - деп ашынып жазды Дина Таңсәрі желідегі парақшасында.

Сол күні үйде болған төрт баланың біреуі және әкелері аман қалған.

«Не молчи» қоры басшысының айтуынша, ұл баланы анасы мен әкесіне тапсырған.

«Бүкіл БАҚ «бұл отбасы тұрмысы төмен, әлеуметтік осал топқа жатады» деген ақпарат таратты. Құдай сақтап тірі қалған баланы неге қайтадан сол үйде қалдырдыңдар? Балалар қалай тұрған? Зорлық-зомбылық фактісі расталса, не істейсіңдер? Он күн өтті, қандай тергеу шаралары жүргізілді? Қандай жұмыс атқарылды? Мына суреттерге қарау мүмкін емес, учаскелік полицей мен қамқорлық органдарының өкілдерін жауапқа тартуды талап етеміз», - деді Таңсәрі.

Осыған дейін бұл балалардың әкесі жергілікті мектепте өрт сөндіруші болып жұмыс істейтіні хабарланған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар