Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевнің AMANAT партиясының мүшесі еместігі туралы ақпарат тарады, деп жазды Аlash.kz.
Бұл жөнінде экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.
Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейін белсенді саяси қызметпен айналыспайды.
«Нұрсұлтан Әбішұлының партияға қандай қатысы бар? Ол кісі өкілетін 2019 жылы тоқтатқан», – деген Айдос Үкібай экс-президенттің қазіргі уақытта зейнеткер ретінде өмір сүріп жатқанын атап өткен.
Еске салсақ, бұрынғы Nur Otan партиясы 2022 жылы атауын өзгертіп, AMANAT партиясы болып қайта құрылған болатын. Соңғы жылдары партия құрылымында да, оның саяси бағыты мен басқару жүйесінде де бірқатар өзгерістер жүзеге асырылды.