Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Назарбаев даңғылына сенің атыңды беру керек!". Арон Атабектің қызы әкесінің туған күнін еске салып, жазба арнады

16:27, 31 қаңтар 2025 357
Бүгін 31 қаңтар әділдік жолында құрбан болған халық батыры Арон Атабектің туған күні. Халық батырының қызы Алма Аронқызы әкесіне арналған жазбасын жариялап, көпшілікті жылатты, деп хабарлайды Alash.kz.
Бүгін әкемнің туған күні. Жүрегім естелікпен жарқылап, жылулықпен жалындайды. Кезінде адам төзгісіз азапты бастан кешкен едім.
 
Арон Атабек - көпшіліктің жүрегінде із қалдырған адам. Ол Қазақстанның ұлы тарихының бір бөлшегі! Оның өмірі әділдік үшін күреске толы болды және қазақтардың үміті, күш-қуаты мен қайтпас қайсар рухының символына айналды! Адамдықтан ада азаптау кезінде де сынған жоқ, өз ұстанымынан айныған жоқ! Көз алдымда дені сау адам тірі қаңқаға айналды! Бірақ ол батыр ретінде өмір сүріп, тік құлады. Оның артында жасаған исі істері, атап айтқанда, он мыңдаған заңдастырылған үйлер, азаптан құтылған отбасылар және Алматы қаласындағы жаңа Алатау ауданы қалдырды.
 
Оның арқасында Желтоқсан оқиғаларының құрбандары құрметке бөленіп, жаңа мәртебеге ие болды, танылды. Арон М. Шаханов Кремльде оқыған әрі аңызға айналған хаттың авторы. Ол тұтас тарих бағытын өзгертті! Арон Атабектің өзі Желтоқсаншы болды. Оның ғаламат еңбектері көптеген жазушылар, түркологтар және басқа да шығармашылық адамдар үшін ғылыми құралға айналды. Арон Қабышұлына Назарбаев даңғылы мен Шаңырақ шағынауданының аты берілуі керек. Оған сөзсіз лайық!
 
Мен әкемді Павлодар қаласындағы түрмеден алып шықтым, барлық сұмдық осымен аяқталды деген аңғал үмітке алдандым. Ол ұзақ өмір сүреді, денсаулығын жақсартады. Біз адам төзгісіз жылдардың бәрін артта қалдырамыз дедім... Басына түскен қиын жағдайға қарамастан сөйледі, әзілдеді және күлді. Мен қорқа бастадм. 

Менің терең қайғымды ешкім түсіне алмайды! (Құдай мұны ешкімнің басына бермесін!..)
 
Мен сені Сағындым, әке! Сізбен өткізген әрбір сәт ең құнды қазынам еді. Сіз маған тек әке емес, дос, тәлімгер, тірек болдыңыз. Сіздің даналығыңыз бен мейіріміңіз мені ұдайы жігерлендірді. Сен менің мақтанышымсың! Сен халықтың әкесісің! СЕН МӘҢГІЛІКСІҢ!
Махаббатпен, сенің қызың, - деп жазды қызы.

Арон Атабек 2006 жылы 14 шілдеде билік Алматы қаласы Шаңырақ елдімекеніндегі "заңсыз салынған" үйлерді сүрмек болғанда жұрт жағында болып, баспаналарын қорғауға көмектескен. Кейін Шаңырақ оқиғасынан соң ол "тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айыппен 18 жылға сотталды.

Сот үкімі шыққаннан кейін Арон Атабек Алматыдан тысқары жерде бірнеше түрмеде қамауда болды. 2014 жылдың сәуірінен бері Павлодар тергеу изоляторында жалғыз адамдық камерада отырды. Қамауда отырған кезде екі мәрте "түрме ішіндегі түрме" шарасымен жазаланған, яғни хат жазысу мен кездесу құқығынсыз, ұзақ уақыт жалғыз қамалған. Тұтқынның түрмеде өзіне әкімшіліктің жасаған іс-әрекетін қатыгез әрі адамның ар-намысына тию деп тануды сұраған талабы қанағаттандырылмады.

Ол 18 жылдық түрме жазасының үштен екісін өтеген соң мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығу туралы өтініш білдіру құқығын иеленген. Бірақ Арон Атабек түрмеде өзімен жолыққан жергілікті құқық қорғаушыларға биліктен мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды немесе рақымшылық жасауды сұрамайтынын, себебі өзін кінәсіз санайтынын мәлімдеген.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Арон Атабекті саяси тұтқын деп таныған еді. Атабектің есімі АҚШ мемлекеттік департаментінің Адам құқықтары жөніндегі есебінде, Еуропарламенттің Қазақстандағы адам құқығы ахуалы туралы қабылдаған қарарында бірнеше рет аталды.

 
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар