Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мұғалім қысым көрсеткен»: 11-сынып оқушысы Ясминаның қазасына қатысты күдікті жайт белгілі болды

10:56, 20 тамыз 2026

Алматы облысында 11-сынып оқушысы Ясмина Ізімжанның қазасына байланысты марқұмның жақындары әділдік талап етіп отыр, деп хабарлайды Alash.kz.

17 жастағы бойжеткеннің туыстары өлімге мұғалім тарапынан жасалған психологиялық қысым себеп болуы мүмкін деп есептейді. Марқұм бұған дейін 19 жастағы жігітпен қарым-қатынаста болған, ал бұл жағдай мектепте ескертулерге ұласқан. Мұғалім қызды ата-анасын шақыртатынын айтып, әлеуметтік желідегі жазбалары үшін сотқа беретінін ескерткен. Сонымен қатар туыстарының айтуынша, оқушы жігітпен қарым-қатынасын үзетіні туралы жазбаша қолхат беруге де мәжбүр болған.

Қайғылы оқиғадан кейін оқушының: «Анашым, әкешім, мен сендерді жақсы көремін. Менің басқа амалым болмады», - деген соңғы хаты табылған.

Сұмдық жағдайға төрт ай уақыт өтсе де, тергеу ісі әлі күнге дейін нәтиже бермеген. Ал қысым көрсетті деп айыпталған педагог мектептегі қызметін әрі қарай жалғастырып жүр. Өз кезегінде «Menin mektebim» жекеменшік мектебінің өкілдері құқық қорғау органдарына тергеу барысында көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар