Әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева алғаш рет көлемді сұхбат беріп, жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады Alash.kz.
Әнші ана атанғанын растағанымен, әзірге қызының есімін көпшілікке жария етпеуді жөн көрген.
Кәмшат Жолдыбаева келіндік өмірі жайлы да айтып, қайын жұртының Ақтөбеде тұратынын жеткізді.
"Қайын жұртым Ақтөбеде. Ағайын-туыстың көбі сол жақта. Ал біз Алматыда тұрамыз. Ақтөбеге барсақ, бір апта немесе он күнге ғана барамыз. Сол күндері жеңгемін, келінмін, басыма орамал тағып, сәлем саламын. Қалған өмірім осында өтеді", – деді Кәмшат Жолдыбаева.