Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Белгілі қазақстандық фототілші Юрий Беккер өмірден өтті

18:54, 19 тамыз 2026

Белгілі қазақстандық фототілші Юрий Зельманович Беккер 68 жасында кенеттен дүниеден өтті, деп жазады Alash.kz.

Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізіп, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне, достарына және оны білетін барша қауымға қайғырып көңіл айтты.

Юрий Беккер ұзақ жылдар бойы журналистика саласында еңбек етіп, Қазақстанның фотошежіресін қалыптастыруға елеулі үлес қосты.

Оның объективіне еліміздің қоғамдық, саяси және мәдени өміріндегі маңызды оқиғалар, белгілі мемлекет қайраткерлері, еңбек адамдары мен қарапайым азаматтар ілікті.

– Оның фотосуреттері Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының бір бөлігіне айналып, өз дәуірінің адамдары мен оқиғаларын кейінгі ұрпаққа жеткізді, – делінген министрлік хабарламасында.

Юрий Беккердің кәсіби қызметінің елеулі кезеңі «Казахстанская правда» газетінің редакциясымен байланысты болды. Ол өмірінің соңғы күндеріне дейін редакцияда еңбек етіп, журналистикаға және фототілшілік кәсібіне адалдығын сақтады.

Әріптестері мен кәсіби қауымдастық өкілдері Юрий Беккерді талантты фототілші, жауапкершілігі жоғары, принципшіл әрі кәсіби шеберлігі мол маман ретінде еске алады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар