Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Министр де пойызбен жүреді: Жұлдыз Сүлейменованың қарапайымдылығына жұрт риза болды (ВИДЕО)

23:00, 19 тамыз 2026

Астана–Павлодар бағытындағы пойызда Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы жолаушылар байқап қалған, деп жазады Alash.kz.

Пойызбен жолға шыққан министр көпшіліктің назарын аударды.

Белгілі болғандай, Жұлдыз Сүлейменова Павлодар өңіріне жұмыс сапарымен жол тартқан. Министр бұл жолы қызметтік көліктен бас тартып, пойызды таңдаған.

Жолаушылардың бірі министрді байқап қалып, видеоға түсіріп алған. Кейін видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап, желі қолданушылары министрдің қарапайымдылығына риза болып, өзге шенеуніктерге үлгі боларлық қадам деп бағалаған.

«Жарайсың, Жұлдыз қарындасым!», «Басқа министрлер мен шенеуніктер үлгі алсын», «Өте дұрыс», «Министр деген осындай болу керек», «Өте қарапайым», «Жақсы кісі екені көрініп тұр, Алла разы болсын», «Керемет», «Қарапайымдылық», «Әдемі көрініс», – деп жазды желі қолданушылары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар