Әнші Алтынай Жорабаева желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі жақындарымен бірге Қордайға құдалыққа барғанын айтып, сол сәттен бейнежазба жариялады.
«Ал су жаңа құдаларымыздың құдалығына Қордайға келіп қалдық. Жаңа құдаларымызбен танысып, қуанышымызды бөлісуге асықпыз. Алла құдалығымызды берекелі, екі жаққа да сыйластыққа толы етсін!» - деп жазды Алтынай Жорабаева.