Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Алла қаласа! Ерекше себеп… Ұсынысты қабыл алдым»: Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

23:30, 19 тамыз 2026

Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы түсіріп жатқан телехикаяға шақыру алғанын айтты.

Мөлдір Мұқанның айтуынша, бұл жоба – оның шығармашылық жолындағы ерекше жаңалықтардың бірі.

«Осы жаздың ерекше жаңалығы - сериалға түсу туралы ұсыныс. Әрине қабыл алдым! Қай телеарнаға, қандай жанрдағы сериал екенін айтамын. Ең бастысы, көрерменге ұнайтын сериал болатынына сенемін», – деді ол.

Сериал желісінде ақ халатты абзал жандардың еңбегі мен дәрігер мамандығының маңыздылығы кеңінен көрсетілмек.

«Ұлттық Арна кезекті жаңа жобасын түсіруді бастады! 

Осы жолы Алматыға ерекше себеппен — жаңа сериалдың түсіріліміне келдім. 

Өмірдің маңызды сәттері мен  отбасылық құндылықтарды арқау ететін, мәнді әрі қызықты, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлайтын жоба болмақ.

Бұл жобаға өз үлесімді қосып, түсірілім барысының бір бөлігі болу мен үшін үлкен қуаныш. Әр түсірілімнің артында үлкен еңбек, ізденіс және командаға деген сенім жатыр. 

Алла қаласа, сәтті жоба болсын! Түсірілім жұмыстары сәтті өтіп, көрерменнің көңілінен шығатын, жүрекке жылу сыйлайтын жоба болғай», – деп жазды Мөлдір Мұқан.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар