Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жұмысым өте көп. Өзіме де керек»: Тамара Асар депутат болмай қалса, немен айналысады?

18:54, 18 тамыз 2026

ҚР Халық әртісі, Қазақстан Халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына үміткер Тамара Асар депутат болмай қалған жағдайда немен айналысатыны туралы айтты, деп жазады Alash.kz.

«Азамат LIVE» подкастына қонаққа келген әнші өз сөзінде өндірістегі кәсібі жайында баяндап берді.

Мен депутат болмаған күннің өзінде де жұмысым өте көп. Менің өндіріске де қатысым бар. Басқа да жеке жұмыстарым бар. Бірақ, әлеуметтік проблемамен болашақта айналысатынымды білемін. Ол өзіме де керек. Мен сияқтыларға да керек. Өндіріске дейтін себебім… Біз алғаш рет Қазақстанда тарихта болмаған самаурындарды қазақстандық жездерден құямыз. Соған дайындық үстіндеміз. Мен бұрын өндіріске ешқашан араласпаған едім. Айналып келгенде адамның сауаты да ашылады екен. Өндірістің қаншалықты жоғарылау керектігін, қаншалықты қажеттілігін барлығын көріп келе жатырмын. «Басын тартсаң аяғына жетпейді. Аяғын тартсаң, басына жетпейді» деген мәселелер көп. Соның барлығымен айналысам деп ойлаймын. Сахнам бар. Басқа да жұмыстарым бар. Әлеуметтік инклюзияны «Депутат бола алмай қалдым» деп, жауып қоя саламын деп ойламаймын. Оның Қазақстандағы барлық жағдайларын қарастырдым. Статистикасын шығардым. Қай жерде не бар екенін білемін. Қандай орталықтар жұмыс жасап жатқанын, олар тетіктердің барлығын қайдан алатындарын да білемін. Жайлап, жұмыстарды жасай береміз деп ойлаймын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар