Orda-ның бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бәжкенова 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бүгін Алматы қаласының Бостандық аудандық соты журналиске қатысты айыптау үкімін шығарғанымен, жазаны орындау мерзімін екі жылға кейінге қалдырды.
Сондай-ақ сот шешімімен оған 5 жыл бойы журналистикамен және қоғамдық қызметпен айналысуға ресми түрде шектеу қойылды.
Гүлнәр Бәжкеноваға Қылмыстық кодекстің үш бірдей бабы бойынша айып тағылған. Атап айтқанда, ол бөтеннің мүлкін иемденіп алды немесе ысырап етті, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және көрінеу жалған ақпарат таратты деп айыпталды.