Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бала-шағамыз… Жасыра алмайсың»: Кәмшат Жолдыбаева жеке өмірі туралы бар шындықты айтты

18:10, 19 тамыз 2026

Әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева жеке өмірі жайлы айтты, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі ана атанғаны жайлы алғаш рет пікір білдірді. 

Кәмшат Жолдыбаева жеке өмірін көпшілікке жария етуді дұрыс көрмейтінін айтты. Егер болашақта балалары өздері көпшілікке танылуды қаласа, олардың таңдауына құрметпен қарайтынын жеткізді.

"Нәзік ару қызымыз бар. Мен жеке өмірімді ешқашан жариялай бермейтінмін. Өйткені ол – менің алтын қазынам, мен үшін өте құнды. Жолдасымның да ұстанымы сондай. Бұйыртса, балаларымыз өскенде көпшілікке танылғымыз келеді десе, жағдай өзгеруі мүмкін. Бұл – олардың өз құқығы", – деді әнші.

Сондай-ақ өнер иесі үйлену тойының қалай өткеніне тоқталды. Алғашында Алматыда той жасауды жоспарлағанымен, күйеуінің туған-туыстары мен әулеттің үлкендері Ақтөбеде тұратындықтан, қуанышты сол жақта атап өтуді жөн көрген.

"Алғашында Алматыда үлкен той жасаймыз деп ойладық. Бірақ ағайын-туыстың көбі, ақсақалдарымыз Ақтөбеде болғандықтан, тойды сол жақта жасаймыз деген шешімге келдік. Дегенмен халыққа жететін жаңалық жетті, суреттер мен видеолар тарады. Ештеңені жасыра алмайсың", – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар