Астанада қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Alash.kz.
Сот БАҚ өкілдерінің қатысуымен және тікелей трансляция арқылы ашық процесс өткізу туралы өтінішхатты қанағаттандырды.
Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуінің адвокаты өз тарапынан мүліктік және басқа да даулар болмайтынын мәлімдеді.
«Жәбірленуші статусынан тартамыз. Әлі өтініш хат түсірмедік. Бірақ, осы мәселемен айналысып жатырмыз».
Ал бұрынғы күйеуі Әділет Зейнелдің өзі пікір білдіруден бас тартты.
Қызметтік кезеңде оқыс жағдайда қаза тапқан фельдшердің күйеуіне әкімшілік тарапынан және зейнетақы жинақтары қайда жұмсалғаны туралы сауал қойылғанда Ұлдананың несиелерін жапқаны туралы айтқан еді. Алайда марқұмның анасы экс-күйеу баласының бұл сөзінде шикілік барын жеткізді. Руслан Өтепбайға берген сұхбатында Әділет Зейнелдің ешқандай несиені жаппағаны туралы мәлімдеді.