Атырауда әкімдік ағашын кесіп, мүгедек болып қалған аула сыпырушыға өтемақы төленбей жатыр
08:44, 20 тамыз 2026
Ашық дерекөздерден
Атырау облысының Құрманғазы ауданында қайғылы жағдайға тап болған аула сыпырушы Сналбек Дощанов арада бір жылдан астам уақыт өтсе де, тиісті көмегін ала алмай отыр. Әкімдік маңындағы ағашты кесу кезінде ауыр жарақат алған жұмысшы 1-топ мүгедегі болып қалған, деп жазады Alash.KZ
Оқиға былтырғы жылдың қаңтар айында орын алған еді. Ауыр соққыдан жұлыны зақымдалған ер адам алдымен аудандық және облыстық ауруханаларда емделіп, кейін Астанадағы клиникалардың бірінде ота жасатқан. Дегенмен дәрігерлер оны 95 пайызға еңбекке жарамсыз деп таныды.
Арнайы тергеу амалдарының нәтижесінде бұл оқыс оқиғаға жұмыс берушінің, яғни аудан әкімдігінің кінәсі 70 пайыз, ал жұмысшының өзіне 30 пайыз жауапкершілік жүктелген. Бірақ соған қарамастан, жәбірленушіге әлі күнге дейін ешқандай өтемақы берілмеген.
Сналбек Дощановтың айтуынша, осы уақыт ішінде жергілікті биліктен ешкім келіп, хал-жағдайын да сұрамаған.
Құқығы тапталған азамат амалсыздан әділдік іздеп сотқа жүгінді. Қазіргі таңда бұл іс бойынша сот талқылауының басталуы күтілуде.
Соңғы жаңалықтар
Талдықорғанда ауыр жол апаты: бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді
08:35, 20 тамыз 2026
«Қайын жұртым Ақтөбеде… Сәлем саламын»: Кәмшат Жолдыбаева келіндік өмірі жайлы айтты
23:00, 19 тамыз 2026
“Олимпиада чемпиондарын дайындаймыз”: Қуат Хамитов лауазымды қызметке тағайындалды
19:34, 19 тамыз 2026