Талдықорғанда ауыр жол апаты: бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді
08:35, 20 тамыз 2026
Ашық дерекөздерден
Талдықорған қаласында екі автокөліктің қатысуымен қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды, деп жазады Alash.KZ
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалардан соққының өте қуатты болғанын көруге болады. Полиция департаментінің ресми мәліметінше, жол апаты салдарынан бір адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Тағы үш зардап шегуші түрлі жарақаттармен жақын маңдағы медициналық мекемеге шұғыл түрде жеткізілді.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары апаттың нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтау үстінде.
Осы қайғылы жағдайдан кейін құқық қорғау органдары жүргізушілерге ескерту жасап, жол ережесін қатаң сақтауды сұрады. Ішкі істер қызметкерлері әсіресе қиылыстардан өту, маневр жасау және қарсы бағыттағы көлікке жол беру кезінде барынша сақ болуды, сондай-ақ жылдамдық режимін асырмауды талап етіп отыр.
Соңғы жаңалықтар
Досхан Жолжақсынов 75 жасқа толды: Алматы әкімі Президенттің құттықтауын табыстады
14:00, 11 қазан 2026
Түркияда 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады
14:53, 10 қазан 2026
Трамп Нобель комитетін сынға алып, "Маған Нобель сыйлығын бермеді" деп жазғырды
13:29, 10 қазан 2026