Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Халық тағдырын өзі өзгертуі керек... Мойындайық!": Ринат Зайыт өткір мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

10:17, 20 тамыз 2026

Айтыскер ақын, экс-Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт халықты балалардың материалдық жағдайына емес, олардың білімі мен рухани тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуге шақырды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ринат Рифхатұлы бұл жайында UlysMedia-ға берген сұхбатында айтты: 

Халық өзінің тағдырын, болашағын өзі өзгертуі керек. Әркім өзі өзгертуі керек. Ең болмаса, балаларымызды оқытайықшы. Біз балаларымызды "Киім жоқ. Тамақ жоқ" деп осы бастан тәрбиелейміз де, "Баламда білім жоқ" деп айтқан ата-ананы көрмеймін мен. Баласының мектепте не оқып жатқанын, қандай кітап оқып жатқанын, не көріп жатқанын алаңдап отырған ата-ананы көрмейсің. Бірақ, "Пәленбайдың баласынан кем ба? Менің балам да кисін. Менің балам да ішсін. Менің балам да жесін" деп, әу бастан соған үйретеді. Болмайтын жылтырақ дүниемен жарысуға құмар болуға үйретіп жүрміз ғой біз. Ең болмаса, осыдан бастайықшы. Осыны түзетейікші. Ертеңнен бастап, бүкіл Қазақстанның ата-аналары, қазақтың ата-аналары барып балаларыңыздан сұраңыздаршы "Не оқып жатсың" деп. "Кім болғың келеді?" деп сұраңыздаршы өздеріңіз. Және мойындайық! Өте сирек сұраймыз біз ол нәрсені. Өте аз отбасыларды көремін ондай. Бала-шағасының болашағына алаңдайтын! Иә, алаңдайды бәрі. "Ертең баламның миы жоқ болып қалады. Ертең баламның ақшасы жоқ болып қалады" деп алаңдайды. "Ертең балам ортада мәңгүрт болып кетеді-ау. Елге пайдасыз "био қалдық" болып қалады-ау" деп ешкім ойламайды. Ойламайды ешкім. Мен білемін ғой. Халықтың арасында жүрмін. Мен өзімді де керемет оны ойлайтын адамға жатқызбаймын. Өйткені, идеология сол бағытта жүріп жатты да. Күні кешке дейін көрсететіндері де, тәлім беретіндері де сол. Адамды болмайтын киімге, болмайтын "іштім-жедім, тастадым" тамақ-байлыққа болмайтын атақ-жылтырақ бірдеңелерге қызықтырып, тәуелді қылып қойған. Соған халық тәуелді. Мына жақтан айғайлап жатырмыз, "Әй, өмір олай емес!" деп. Біз емес, жеті атамыздан бері айтып кеткен бәрін... 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар