Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мені жарылқа, мені асыра» деп қайыршылық қылуды қою керек - Міржақып Дулатұлы

15:34, 24 наурыз 2024 375

Қазақ-қырғыз қорлықта жүр, кемдікте жүр деп көрінгенге зарланамыз. Бұл қорлықтан қайткенде құтыламыз, қайткенде теңелеміз, соның қамын істеу керек, қорлықтан құтылудың, теңдікке жетудің тетігі еңбекшіл халықтың өз қолында, халқына жаны ашитын азаматтары басшылық қылу керек.

Халықтың өзі ұйымдасып өз керегін өзі алуға, өзін-өзі билеуге тырысуы керек. Үнемі мойынға дорба салып, «мені жарылқа, мені асыра, мені теңгер» деп қайыршылық қылуды қою керек.

Қазақ-қырғыз жерінен, суынан айырылды. Тауға-тасқа қамалып қалды деп зарланамыз. Жер-су кімдікі? - Мұны жақсы білу керек. Жер-су еңбекшіл халықтікі. Шалқасынан жатып, малай жалдап, егін ектіріп, мал бақтырып, кедейдің табанақы, маңдай терімен пайдаланушыныкі емес.

Сондықтан көршілес орыс жуан жұдырықтарына, араларыңдағы болыс, манаптарыңа қарсы тұрып, сыбағаларыңды өздерің жағаласып жүріп алатын болмасаңдар, сендерді үнемі һүкімет күзетіп отыра алмайды. Байлар, жуандар жаны ашып,өздігінен сендерге жер, су, теңдік бере қоймайды. Мұны жақсы білу керек.

Міржақып Дулатұлы,

"Қазақ-қырғыз съезі" мақаласынан үзінді, 1920 ж.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Абай мен Әлихан кездесті ме?

16:47, 13 желтоқсан 2024 167