Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев жеті жылға сотталған экс депутат Бақытгүл Хаменованың тойға баруына қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.KZ.
Қойгелдиевтің айтуынша, Бақытгүл Хаменоваға үкімнің орындалуы кейінге қалдырылғанымен, оған қоғамдық іс-шараларға қатысуға тыйым салынбаған.
Қойгелдиевтің мәлімдеуінше, енді егер әйел адамның кішкентай балалары болса, сот үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды міндетті түрде қарастыруы керек.
Алайда бұл норма терроризм, экстремизм, ұйымдасқан қылмыс және балаларға қарсы ауыр қылмыстарға қолданылмайды.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде 7 жылға сотталған Бақытгүл Хаменованың тойда жүрген видеосы тараған еді.