Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мен үшін ауыр… Қорқынышты ойлар келді…»: Мөлдір Мұқан жұрт білмейтін жайтты айтты (ВИДЕО)

17:19, 01 шілде 2026

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуі аурухананың жан сақтау бөліміне түскен ауыр сәттерде оның қасында болмады деп айыптағандарға жауап беріп, сол күндері басынан кешкен уайымы мен қиындықтары туралы сырын ақтарды, дер жазады Alash.kz.

Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде немесе ел арасында өзіне қатысты айтылған өсек-аяңдарға нүкте қоюды жөн көрген. Ол бұрынғы жолдасының басына іс түскенін естіген сәтте өзінің Алматыдан Астанаға бара жатқанын, бірақ суық хабарды ести сала балаларының әкесі үшін қатты алаңдап, Астанаға жете бере кері қарай Алматыға ұшқанын жеткізді. Мұқанованың айтуынша, ұшақ ішіндегі бір жарым сағат қорқыныш пен белгісіздікке толы болып, аза бойы қаза болған. Ауруханаға жетіп, емдеуші дәрігерлермен тікелей жүздесіп, жағдайды білгенше қара уайымнан арыла алмағанын жасырмады. Кейіннен қос қаланың арасында үздіксіз шапқылап, үлкен қиындықтарды бастан өткергенін де тілге тиек етті. Алайда, одан кейінгі уақытта болған өзге де ауыр жағдайларды еске алғысы келмей, бұл мәселенің барлығы бұған дейінгі сұхбаттарда толық айтылғанын алға тартып, сөзін қысқа қайырды.

Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары жан сақтау бөлімінде жатқан экс-күйеуімен қабырғаның екі жағында тұрып қалай тілдескендерін былай деп еске алды:

«Ауырған кезде мен қасында болдым. Сол сәтте түсіріліп қалған видео естеліктер де бар. Фотолар да бар. Оны дәлелдейін деген ойым жоқ. Әрине, бұл менің жүрегіме тиеді. Ол сәт те мен үшін ауыр. Дәл сол ауырып қалған уақытында Тұрсынбек Алматыда болды. Мен сол күні Алматыдан Астанаға ұшып кеттім. Құлап қалды деген хабар келді. Бірден кешкі 8-дегі рейске билет алдым. Жанымда құрбым болды. Қолдап, қолпаштап отырды. Сол уақыттағы жағдайымда өзім құлап қала жаздап тұрдым. Менің көз алдыма неше түрлі дүниелер келді. Мен қазір дәрігердің алдына барғанда ол маған қандай хабар береді? Қорқынышты ойлар келді…»

 



Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар