Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мен елімді сатпаймын: Зеленский Трампқа өткір жауап берді

17:00, 19 ақпан 2025 296

Мен мемлекетімді сата алмаймын” – Зеленский Трампқа жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Зеленский АҚШ қолдамаса, Украина Ресейді жеңе алмайтынын мойындайды. Бірақ “олар (Ресей) бізді оккупациялай алмайтыны анық” деді.

- Бүгін зерттеу қорытындысы шығып, халықтың 57% маған сенетіні белгілі болды. Сол себепті дәл қазір мені тақтан тайдырам дегендердің қолынан түк келмейді, – деді Зеленский.

Оның айтуынша, халықтың тек 4% Зеленскийді қолдайды деген ақпаратты Ресей тарапы таратып, АҚШ-қа соны көрсеткен. Украина президенті сонымен қатар, “Украинаға АҚШ бастаған Батыс елдері 500 млрд АҚШ доллары берді” деген ақпаратты жоққа шығарып, ол жақтан 67 млрд доллар қару-жарақ үшін, ал 31 млрд доллар бюджеттегі бағдарламаларға берілгенін мәлімдеді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар