Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Алдағы жұмыс бағдарымыз айқындалды”: Жаңа қызметке тағайындалған Нұрлыбек Нәлібаев жоспарын бөлісті

11:55, 12 мамыр 2026

Президенттің қабылдауында болған Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев желідегі парақшасында жазба жариялап, алдағы жоспарларын бөлісті, деп жазады Alash.kz.

“Мемлекет басшысы жұмыс бағдарын айқындады.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қабылдауында болып,  өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндадым. 

Өнеркәсіп пен инфрақұрылым - бір-бірімен  тығыз байланысты, сабақтас салалар. Осы салалардағы ірі жобалар халықтың тұрмыс сапасының артуына, жұмыс орындарының ашылуына септігі тиеді. Қабылдауда Президентке өңдеу өнеркәсібінде жүргізілген негізгі жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыру және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарына тоқталдым.  Көлік-логистика инфрақұрылымы мен құрылыс саласын дамыту жобалары да назардан тыс қалмады. 


Кездесу соңында Мемлекет басшысы инфрақұрылымдық жобалардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, отандық тауар өндірушілерді қолдауды және алдағы жылу беру маусымына дайындықты бақылауды күшейтуді тапсырды. Осылайша алдағы жұмыс бағдарымыз айқындалды”,- деп жазды Нұрлыбек Нәлібаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар