Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова алдағы жоспарын бөлісті, деп жазады Alash.kz.
”Өскеменде жаңа фильм түсіріледі бұйырса,- деп жазды актриса Instagram парақшасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін продюсер жаңа жобаны қолға алып жатқанын хабарлап еді.
”Өзіміздің елде өте күрделі фильм түсіреміз. Біреу маған “Күйеуге шығайын деп жатыр” деп жазыпты. Сондай нәрселер жазылып жатыр. Бірақ енді ол болашақтың еншісінде… Сондай бір ауқымды жоба болайын деп тұр”,- деді Дариға Бадықова НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында.