Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін”: Атыраудағы трагедия жайлы тың дерек шықты

10:34, 11 мамыр 2026

Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасының өліміне байланысты қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы жергілікті "Ақ Жайық" басылымы хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Іс бойынша негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемалиев өз кінәсін мойындаған. Қазіргі уақытта ол Атыраудағы тергеу изоляторында сот процесін күтіп отыр.

Дереккөздердің мәліметінше, айыпталушы қылмыстық іс материалдарымен толық танысып, төрт адамды өлтіру фактісі бойынша кінәсін толық мойындаған.

Сәрсемәлиевке Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша – "екі немесе одан да көп адамды өлтіру" айыбы тағылған.

Сонымен қатар тергеу барысында ҚК-нің 188-бабы ("ұрлық") және 190-бабы ("алаяқтық") бойынша да қосымша істер тіркелген. Әңгіме марқұм отбасының малын сатып жіберу және банк карталарындағы қаражатты иемдену туралы болып отыр.

"Барлық тергеу әрекеттері аяқталды. Қылмыстық іс сотқа жіберуге толық дайын. Сот процесі жақын күндері басталады", – деп хабарлады дереккөз.

Бұған дейін Атырау облысының прокуратурасы психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша Сұлтан Сәрсемалиевтің есі дұрыс деп танылғанын мәлімдеген еді. Бұл оның заң алдында толық жауапкершілікке тартылатынын білдіреді.

Тағылған айыптарды ескерсек, күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар