Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Алла жар болсын”: Тұрсынбек Қабатовтың қызы көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

21:45, 11 мамыр 2026

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызы көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz. 

Продюсер, әнші Мөлдір Мұқанның әпкесі Айгүл Түлкібайқызы желідегі парақшасында видео жариялап, Әдемі Тұрсынбекқызының Дубай қаласындағы Британ университетін сәтті тәмәмдағанын айтты.

"Аманғали Әдемі Тұрсынбекқызы. Сүйінші!!! Британ Университетінде Дубай қаласында архитектор мамандығына 5 жыл оқып бүгін дипломын үздік қорғады. Еңбекқор, білімді, саналы, оқымысты қызымыз халықаралық үлгідегі мықты маман болып жатыр. Сырт елде, шетелде оқу өте жауапты, кейде қауіпті. Жүйе басқаша, емтиханды, сессияны тапсыруына да ұйқысыз түндер өткізіп дайындалып жүретін. Дипломдық жұмысын да жазып жатқанда, бөлек әлем болып кетеді өзі, тек білімге кірісіп, біздерді танымай қалады, өте жауапкершілікпен қарайды. Мамасын қолдай жүріп, сабағын да реттеп жүрген пысық қыз. Алла жар болсын өзіңе", – деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар