Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тергеу аяқталды»: Атыраудағы қанды оқиғаға байланысты жаңа дерек белгілі болды

14:58, 10 мамыр 2026

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында бір үйдің төрт адамын аяусыз өлтірген Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды, деп жазады Alash.kz. 

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, тергеу материалдарымен танысқан. Ол қайын жұртының мүшелерін өлтіріп қана қоймай, марқұмдардың малын сатып, банк карталарындағы ақшасын жымқырды деп айыпталып отыр.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Сәрсемалиевке Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. Негізгі айып - екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтіру болса, қосымша ұрлық пен алаяқтық деректері де іске тіркелді. Сараптама қорытындысы бойынша айыпталушының іс-әрекетіне жауап бере алатын сау күйде болғаны, яғни есі дұрыстығы расталды.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен қылмыстың себептерін анықтайтын сот процесі осы айда басталмақ. Күдіктінің мүлкін талан-таражға салғаны туралы деректер де сот талқылауында қаралатын болады. Бұл іс облыс прокуратурасының қатаң бақылауында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар