Белгілі әнші Айгүл Иманбаева жеке өміріндегі ауыр соққы туралы ашық айтты, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі жылдар бойы жан досы санаған құрбысының сатқындығына тап болғанын жеткізді. Осы оқиғадан кейін әнші өз оқырмандарына айналасындағы жандарға мұқият қарап, адам тани білудің маңыздылығын ескертті.
25 жыл дос болған жан құрбың, жаныңды, жүрегіңді жалаңаштап жүрген, сеніп жүрген құрбыңнан соққы алған кезде есеңгіреп қалады екенсің. Сен білемің ғой. Досты таңдау керек болғанда да, білмейсің ғой. Жақсы деп ойлайсың. Ол сенің ойың болуы мүмкін. Ал, сенің сыртыңнн ол қандай тірлік жасап, сенің жағалауыңнан жұмыстағы адамдардың кетуіңе әсер етіп, кеткеннен кейін оларды тыныш қоймай, қарсы қойып, өзінің құралына айналдыру - иттіктің иттігі! Пасықтық! Жау алыстан келмейді деген рас! Менде жұмыс істеп жүрген қыздармен 8 жыл бойы хабарда болып, мен туралы ақпаратты суыртпақтап, ол адамды өзіме қарсы қолданудың барлығы - менің жан құрбымнан шыққан дүние! Ішіңдегі сырыңды ақтара бермеу керек екен.