Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанаға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған келеді

18:11, 10 мамыр 2026

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған 13-14 мамыр күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға мемлекеттік сапармен келеді, деп жазады Alash.kz. 

Сапар аясында екі ел басшылары Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен болашақ перспективаларын талқылауды жоспарлап отыр.

Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған бұл кездесуден кейін Президенттер Түркістан қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысады. 15 мамырға жоспарланған алқалы жиын "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбына арналмақ. Бұл басқосу түркітілдес елдердің технологиялық ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізеді деп күтілуде.

Айта кетейік, Астанадағы ресми кездесулерден кейін Түркістан төріндегі бейресми саммитте маңызды цифрлық жобалар мен аймақтық қауіпсіздік мәселелері де қарастырылмақ. Түркия Президентінің бұл сапары екіжақты қарым-қатынастардың қарқынын арттырып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдете түспек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар