Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Назар аударыңыз! Жойғыш ұшақтар ұшады”: Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

13:44, 11 мамыр 2026

Астанада 15 мамыр күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында қала үстінде жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады Alash.kz.

“Іс-шараға дайындыққа байланысты 10 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары басталады.

Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу іс-шаралары қауіпсіз биіктікте жүзеге асырылады және қала тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен демонстрациялық ұшу кезеңінде туындауы мүмкін қысқа мерзімді шу деңгейінің артуына түсіністікпен қарауды сұраймыз”,- делінген хабарламада.

Министрліктің мәлімдеуінше, барлық ұшулар қауіпсіздік талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастырылады және халыққа ешқандай қауіп төндірмейді және түрлі түсті түтіндерді пайдалану тек демонстрациялық сипатқа ие және қоршаған ортаға зиянды әсер етпейді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар