Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мемлекет басшысы вейпке тыйым салатын заңды мақұлдады

10:07, 20 сәуір 2024 697
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Заң медицина қызметкерлерін құқықтық және қаржылық тұрғыдан қорғау жүйесін енгізуге және олардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ жастар арасында құрамында никотині бар заттардың таралуының алдын алу және оған қарсы күресу үшін жүйелі шаралар қабылдауға бағытталған, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Заңда шегуге келмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу қарастырылған.

Ескерте кетейік, бұл норма ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланатыны айтылды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар