Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәскеуге санкция салу - Еуропа одағының бірлігін бұза ма?

09:33, 30 мамыр 2022 264
[ad_1]


Еуропа одағының елдері Ресей мұнайына эмбарго салу мәселесі бойынша әлі де келісе алмай отыр. Бұл жөнінде Reuters жазды.


Агенттік ақпаратына қарағанда, бұл мәселе дүйсенбі күні де талқыланады.


Reuters сөйлескен лауазымды тұлғаның сөзінше, Еуропа одағы Ресей мұнайын теңіз арқылы тасымалдауға тыйым салып көрмек. Өйтетін болса, санкцияның "Достық" құбыры арқылы Венгрия, Словакия және Чехияға жеткізіліп жатқан Ресей мұнайына қатысы болмайды.


Еуропа одағының 30-31 мамырда өтетін саммиті қарсаңында Reuters Германияның экономика министрі Роберт Хабектің сөзінен дәйек келтірген. Ол Мәскеуге санкция салу мәселесіне келгенде Еуропа одағының бірлігі бұзыла ма деп қауіптенеді. "Ресей Украинаға шабуыл жасаған соң Еуропа одағының айрықша біріге алатынын көрдік. Ертеңгі саммитте де солай болғанын қалаймыз, бірақ қазірдің өзінде бірлігімізге қайта-қайта сына қағылып жатыр", - дейді Роберт Хабек.


Жексенбі күні таңертең Bloomberg пен Politico Еуропа одағы жетекшілері кездесер алдында "Еуропа комиссиясы мұнай эмбаргосына байланысты барлық тарапты қанағаттандыратындай ұсыныс әзірледі" деп хабарлаған.


Еуропа одағы Украинаға жасаған басқыншылығына байланысты Ресейге салынатын санкцияның алтыншы пакетін әлі күнге келісе алмай отыр. Негізгі кедергі ел - Венгрия. Бұл ел Ресей мұнайына салынатын эмбарго Венгрия экономикасына қатты тиетінін айтады.


Еуропа комиссиясы жасаған ұсыныста Ресейдің тек теңіз арқылы тасымалданатын мұнайына эмбарго салу көзделген. Мұндай жағдайда Венгрия сияқты елдер құрлықтағы құбыр арқылы Ресейден бұрынғыша мұнай ала береді.





[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар