Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәскеу де санкция салыпты

12:10, 15 маусым 2022 200
Мәскеу Ұлыбританияның бір топ медиа қызметкері мен әскери сала өкілдерінің Ресей аумағына келуіне тыйым салды. Ресей сыртқы істер министрлігі 14 маусымда жариялаған "қара тізімге" 49 адам енгізілген.


Ресей СІМ таратқан ақпаратта мұндай шешім бұған дейін ресейлік "жетекші журналистер" мен Ресей қорғаныс министрлігіне қарасты компаниялар басшыларына Лондонның салған санкцияларына жауап ретінде қабылданғаны айтылған.


Ресей билігі ел аумағына келуге тыйым салғандардың арасында ВВС, Guardian, Times, Sunday Times, Financial Times, Daily Telegraph, Sky News және басқа британдық медиа компанияларда жұмыс істейтін журналистер менеджерлер бар. Мәскеу оларды "Ресей жайлы және Украина мен Донбасстағы жағдай туралы біржақты әрі жалған ақпаратты қасақана таратып", британ қоғамында "русофобияны қоздырып отыр" деп айыптаған.


Бұған қоса Ресей Ұлыбританияның қорғаныс саласына қатысы бар 20 адамға санкция салған. Олар Украинаға қару-жарақ беру туралы шешім қабылдауға қатысқан дейді Мәскеу.


Мамырдың басында Лондон ресейлік ондаған жеке және заңды тұлғаға, соның ішінде бірқатар БАҚ пен бірнеше журналиске санкция салған. Олардың арасында ВГТРК мемлекеттік медиа компаниясы мен ресейлік басылымдардың әскери тілшілері санкцияға ілінген.


Бұған қоса Ұлыбритания билігі соған дейін тыйым салынған ресейлік RT and Sputnik медиасының интернеттегі сайттарын, әлеуметтік желілердегі аккаунттары мен интернет-дүкендегі қосымшаларын бұғаттаған еді.


3 маусымда Еуроодақ Ресейдің Украинаға басқыншылығына байланысты жаңа санкцияны мақұлдаған. Онда Ресей мұнайына ішінара эмбарго қою қарастырған. Сонымен бірге Еуропа одағы аумағында ресейлік "РТР-Планета", "Россия-24" және "ТВ Центр" телеарналары хабар таратуын тоқтатады. Еуропа кеңесі хабарламасында Ресей үкіметі бұл арналарды Украинадағы соғыс жайлы жалған ақпарат тарату үшін пайдаланады деп жазған.





 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар