Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәсімов жазасын түрмеде өтеп жатыр ма?

12:54, 20 наурыз 2024 395

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс кулуарында журналистердің ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовқа қатысты сауалына жауап берді. 

Журналистер министрден Мәсімовтің жазасын өтеп жатқанын растайтын бірде-бір фото немесе видео жоқ екенін, жазасын қайда өтеп жатқаны туралы ақпараттың жоқтығын сұрады. 

"Жазасын өтеп жатқан адамың барлығын көрсете алмаймыз, ол сотталды, қамауда отыр. Түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр", – деп қысқаша жауап берді Сәденов.

Еске салайық 2022 жылы болған Қаңтар оқиғасынан кейін Кәрім Мәсімов 2016 жылдан бері атқарып келген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар