Ақтөбе облысы, Темір ауданының әкімі өзін-өзі марапаттаған. Марапатсүйер әкім өзін ауданның "Құрметті азаматы" медалімен алқалаған. Саламат Аманбаев “Темір ауданының Құрметті азаматы” куәлігіне өзі қол қойған, Alash.kz ұлттық порталы.
Stan.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, өткен жылдың 20 желтоқсанында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы әкімге осы атақты беру туралы ұсыныс жолдаған. Ол 2 күн ішінде қолдау тауып, 22 желтоқсанда комиссия отырысы өткен. “Маңызды мәселе” көтерілген мәслихат отырысына 12 депутат қатысып, қолдай кеткен. Олар 3 күн ішінде шешім шығарып, 25 желтоқсанда марапатты табыстаған.
Депутаттар Саламат Аманбаевқа Темір ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, су тартып, асфальт төсеп, ауданды абаттандырғаны үшін алғыс айтқан.
Саламат Аманбаев аталмыш қызметте 2021 жылдың наурызынан бері отыр.
Айта кетейік, биыл су тасқыны кезінде Темір ауданында 57 үй қирап қалды. Өңір тасқын кезінде 600 миллион теңгеден аса шығынға батты. Сондай-ақ мектеп оқушысының өлімі тіркелді.
Марапатсүйер мырза. Ақтөбе облысында әкім өзін-өзі "Құрметті азамат" медалімен марапаттаған
Қазақстандық волейболшылар жасөспірімдер Олимпиадасында екінші жеңісіне қол жеткізді
17:00, 01 қараша 2026
Ерлан Қарин: Радикализмді насихаттайтын кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қою керек
13:25, 01 қараша 2026
«3 алтын, 5 күміс, 2 қола»: Қазақстан садақ атудан Азия кубогын он медальмен аяқтады
11:20, 01 қараша 2026
«Осы клоунды беріңіздер! Түкіргенім бар…»: Данияр Елеусінов тосын мәлімдеме жасады
22:27, 31 қазан 2026
«Әділдік орнайды»: Айдос Сарым байлардың салықты көп төлеуіне қатысты пікір білдірді
18:31, 31 қазан 2026
«Сот ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген»: Оқиға туралы күтпеген дерек шықты
17:32, 31 қазан 2026
«Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет» – Тоқаев
12:56, 31 қазан 2026